Меню

Страницы

Статья

Құлсары батырдың зираты, 19-ғасырдың 2-жартысы

Қысқа анықтама: Құлсары батыр (1715-1776 жылдар) — Абылай хан серiктестерiнiң бiрi, мемлекеттiк және қоғам қайраткерi. Солтүстiк Қазақстанда туған, өмiр сүрген және жерленген. Атығай руының Құдайбердi әулетiнен тараған, достары мен отандастары арасында өте беделдi болған. Сонымен бiрге ол әулие, емшi және болжамшы болған. Ол туралы аңыздар бүгiнгi күнге жеттi. Есiл ауданының Бұлақ ауылының жанындағы оның зиратына шипа iздеген жандар елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келiп тұрады.

Аңыз: Құлсары батыр (1708-1776 жж.) —Абылай ханның сенiмдi серiгi, қоғам және мемлекет қайраткерi. Солтүстiк Қазақстанда туған, өмiр сүрген және жерленген. Атығай руының Құдайбердi әулетiнен тараған, достары мен отандастары арасында өте беделдi болған.

Оның бүкiл ғұмырнамасы Абылай ханмен тығыз байланысты. Ол өмiр бойы Абылайдың сенiмдi серiгi, кеңесшiсi ретiнде орыс үкiметiмен қарым-қатынастарда ханның тапсырмаларын орындап келген. ХVIII ғасырдағы құжаттарда Құлсарының есiмi ықпалды басшы және мемлекет қайраткерi ретiнде аталды.

Құлсары шекаралас мемлекеттермен арадағы тату-көршiлiк қарым-қатынастарды барынша жақтаған. Осы ретте оның есiмi 1739 жылғы Құжаттарда алғашқы рет кездеседi. Ол сол жылы Әбiлмәмбет ханның ақ киiзге отыру салтанатына қатысқан.

1742 жылдың тамыз айының басында Құлсары Орынбор қаласында Орта жүздiң бiр топ сұлтандары, батырлары және билерiмен бiрге орыс патшасына ант бередi.

Бұдан кейiнгi жылдары Құлсары Құлеке (1710-1771) батырмен бiрге Абылай сұлтанның елшiлерi ретiнде мемлекеттер арасындағы мәселелердi шешу үшiн Ресей қалаларына бiрнеше дүркiн барды. Абылай сонымен бiрге осы көмекшiлерiн шекара әкiмдерiмен өзiнiң және Орта жүздiң Атығай руының атынан келiссөздер жүргiзуге жолдап отырған.

Көреген де сұңғыла саясаткер Құлсары батыр отыз жылдан аса уақыт бойы Қазақ хандығын нығайту, оның сыртқы және iшкi саясатын қалыптастыру iсiне белсене қатысып келдi.

Ол сондай-ақ қазақ руларының арасында бiрлiк пен бейбiтшiлiк орнатуға бар жанын салып,өзiнiң беделiмен және шешендiк өнерiмен ауызбiршiлiкке тартып, қантөгiстерге жол бермедi.

Құлсарының тұрақты қоныс тепкен жерi Қазақстанның солтүстiк өңiрi болды.

Оның көрiпкелдiгi болған, төнген қауiп-қатердi күнi бұрын болжай бiлген. Олардың алдын алып отырған және сырқаттарды iндеттен айықтыра алған.

Орналасқан жерi: СҚО, Есiл ауданы, Бұлақ ауылы

Ақпарат көзi: Энциклопедия Северо-Казахстанской области, «Арис» баспа үйi, Алматы, 2006

Дата публикации
01 февраля 2021
Дата обновления
01 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

30 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 
29 октября 2025
Ақпараттық хабарлама зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге
28 октября 2025
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты