Меню

Страницы

Статья

Аркель саудагердiң үйi

1891 жыл

Қазақстан Конституция көшесi, 48 мекен-жайында орналасқан.

Үй саудагер Т.А. Аркельге тиесiлi едi. Жоғарғы қабатты «Орталық» қонақ үй иелендi, төменгi қабатта дайын көйлектер дүкенi орналасты. Дәлелденбеген мәлiметтер бойынша, 1920 ж. 21 қарашада бұл ғимаратта Мәскеу және Петроград жұмысшыларының ашаршылыққа ұшырағандарға көмек сұрап М.И. Калинин сөз сөйлеген. ХХ ғ. 60 жылдары ғимарат өлкетану мұражайын ұйымдастыру үшiн берiлген, үстiңгi қабаты тұтастай және бiрiншi қабатының бiр бөлмесiн экспозициялық зал үшiн бөлiп берген. ХХ ғ. 80 ж. ескерткiш алдағы уақытта тарихи-өлкетану мұражай экспозициялық алаң ғимарат кешенiне енгiзiлдi. 2005 ж қайта құрылыс, қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Қазiргi уақытта Аркель үйi көршiлес ғимараттар кешенiмен, облыс тарихы экспозициясы алаңының бiр бөлiгi мен әкiмшiлiк бөлменiң бiр бөлiгiн және басты мұражай қоймасы болып табылады.

Жоғалған элементтер жоқ, ғимараттың iшкi бөлмесi аз-маз қайта құруға ұшырады.

Ғимарат-Г-тәрiздi пiшiндi, екiқабатты. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 710 мм, күйген кiрпiштен қаланған. Iргетасы кiрпiштен қаланған. Жабу құрылысы және шатыры-ағаш. Шатыр темiр дабынмен қапталған. Ғимарат қасбетi кiрпiштен қаланған сәндiк элементтермен безендiрiлген. Бiрiншi қабат бойынша «жақ тәрiздi» пiшiндi қалау терезе ойықтарын аяқтайды. Екiншi қабатындағы терезе ойықтары сәулеттiк этементтермен безендiрiлген. Ғимараттың басты қасбетiнде орналасқан нәзiк тормен қапталған екi жайма балкон бар. Жалпы ауданы — 793,94 шаршы метр. Ғимараттың сәулеттiк бейнесi 19 ғ. соңы — 20 ғ. басына — «эклектика» ағымына тән.

Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi , 19-20 ғғ. басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кiрпiштi құрылысқа сауда және қызметтiк сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретiнде қызығушылық танытады.

Әдебиеттер: өлкетанушы И.Н. Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А. Морозов Петропавл бойынша — Алматы, 1981 ж.
М.А. Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстiк қақпасы — Омбы, 1993 ж.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

30 октября 2025
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98% цифрлық форматта іске асырылған 
29 октября 2025
Ақпараттық хабарлама зейнетақы активтерінің кірістілігі: 12 айда – 3,11 трлн теңге
28 октября 2025
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты