Қызылжар ауданда бос орын жәрменкесі өтеді

Қызылжар ауданда бос орын жәрменкесі өтеді

2025 жылғы 16 мамыр сағат 11:00-де, Гагарин көшесі, 14 мекен-жайында, «AMANAT» партиясының ғимаратында Кызылжар ауданының Мансап орталығы ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

👥 Іс-шараға қатысушылар:
– жұмыс берушілер ұсынған өзекті бос жұмыс орындарымен таныса алады;
– сол жерде сұхбаттасудан өте алады;
– жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша кеңес ала алады;
– тегін оқып, жаңа мамандық алу мүмкіндігі туралы біле алады;
– орталық мамандарына көкейкесті сұрақтарын қоя алады.

💼 Жаңа жұмыс табуға, пайдалы ақпарат алуға және мансаптық жолыңызды бастауға тамаша мүмкіндік!