Қызылжар ауданда аудандық мәслихаттың кезекті 23 сессиясы өтті

Қызылжар ауданда аудандық мәслихаттың кезекті 23 сессиясы өтті
Ағымдағы жылдың 15 мамырында Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Елеусізовтың басшылығымен аудандық мәслихаттың кезекті 23 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі С.Сәдуақасов, әкімнің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен аумақтық ұйымдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ сессия жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы тексеру комиссиясының мүшесі Б.Жақсылықов қатысып, 2024 жылғы Қызылжар ауданы бюджетінің атқарылуы туралы тексеру комиссиясының есебін баяндады.
Депутаттар 2024 жылғы Қызылжар ауданы мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы мәселені қарады. Қызылжар ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары Д. Шақановтың ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария саласын дамыту перспективалары туралы баяндамасы тыңдалды. Бұдан әрі Қызылжар ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы; «Қызылжар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер қаралды.
Сессия жұмысының қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Дереккөз Қызылжар аудандық мәслихаты
Максим Сердюковтың суреті