2025 жылғы 2-3 мамырда Петропавл қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған "Надежда" XXVII облыстық спартакиадасы өтті.
Қызылжар ауданының командасы спорт түрлері бойынша командалық есепте 6 бірінші, 6 екінші және 2 үшінші орын алып, абсолютті чемпион атанды.
Жалпы 21 алтын, 20 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте:
1 орын - Қызылжар ауданы - 300 ұпай
2 орын - Ғ. Мүсірепов ауданы - 240 ұпай
3 орын - Мамлют ауданы - 215 ұпай