2025 жылғы 2 мамырда Қызылжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс XXII сессиясы өтті.
Күн тәртібінде негізгі мәселелер қаралды:
Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу;
сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсету тәртібін айқындау туралы шешімге өзгерістер енгізу.
Сонымен қатар аудандық жұмыс комиссиялары құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.