Бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда

Бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда
Тасқын салдарынан аралға айналған Прибрежное ауылында болып, бөгетті нығайту жұмыстарын тексердім. Қатты жел мен биік толқындарға қарамастан, бөгет су қысымына төтеп беріп тұр.
Құтқарушылар, әскерилер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тәулік бойы жұмыс істеуде. Олардың қиын жағдайдағы жанқиярлық еңбегі зор құрметке лайық.
Біз тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай бақылауда, - облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Facebook парақшасында жазды.