Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Тасымалдауға көмекке мұқтаж адамдар үшін адамдарды тасымалдау және жедел жәрдем ұйымдастырылады. Сұрақтар бойынша 87153821201 нөміріне хабарласуға болады
Уақытша орналастыру үшін Петропавлдағы Жұмабаев көшесі 142 мекенжайындағы Бескөл ауылындағы 2 орта мектеп базасында және жатақханада эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды.
Жергілікті жерде ТЖМ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да шұғыл қызметтер жұмыс істейді. Тыныштықты сақтауды және жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауды сұраймыз. Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.