"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында бүгін Бескөл ауылында қарағай көшеттері отырғызылды.
Экологиялық акцияға аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында еске алу аллеясы отырғызылды.