СҚО-да үстел теннисінен облыстық Ұлттық Мектеп лигасы өтті

СҚО-да үстел теннисінен облыстық Ұлттық Мектеп лигасы өтті
2025 жылғы 25-26 наурыз аралығында Петропавл қаласында үстел теннисі орталығында 5-6, 7-8 және 9-11 сыныптар арасында облыстық Ұлттық Мектеп лигасының бағдарламасында үстел теннисінен жарыстар өткізілді. 5-6 сыныптар арасындағы жарысқа облыстың 9 мектебі қатысты. 7-8 сыныптар арасында облыстың 9 мектебі қатысты. 9-11 сыныптар арасында облыстың 9 мектебі қатысты.
​Қатысушылардың жалпы саны 92-ден астам спортшыны құрады.
"3 Бескөл орта мектебінің " балалары екінші орынды иеленді. 
Қызылжар ауданының "Соколов орта мектебі" КММ командасы 7-8 сыныптар арасында жарыс чемпионы атанды.
9-11 сыныптар арасында екінші орынды Қызылжар ауданының "Соколов орта мектебі" КММ командасы иеленді.
Жүлдегер командалар тиісті дәрежедегі дипломдармен, жүлдегер командалардың қатысушылары медальдармен және грамоталармен марапатталды. Спортшыларымызға Республикалық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, жеңіс тілейміз!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 4
 
 
Все реакции:
6