Қызылжар ауданында мәслихаттың кезекті 21-ші сессиясы өтті

Қызылжар ауданында мәслихаттың кезекті 21-ші сессиясы өтті
18 наурызда Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы Жанат Елеусізовтың төрағалығымен мәслихаттың кезекті 21-ші сессиясы және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен аумақтық ұйымдардың басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Бірінші және негізгі мәселе ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы болды (аудан әкімінің жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі). Аудан әкімі өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген экономиканың базалық салаларын дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялар тарту, жолдарды жөндеу жөніндегі басымдықтарды атап өтті. Әкімнің есебін мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады және назарға алды.
Сессияның күн тәртібіне сәйкес басқа да мәселелер қаралды, оның ішінде: 2025 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы туралы; Қызылжар ауданы бойынша округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Дереккөз: Қызылжар аудандық мәслихаты https://www.facebook.com/share/14y5bwTR3q/