Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

27 қыркүйекте Аудандық мәслихат төрағасы Жанат Елеусізовтың төрағалығымен және аудан әкімі Жанат Сәдуақасовтың қатысуымен сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кезекті 5-ші сессиясы өтті.

Сессияда "Денсаулық сақтау саласындағы сапаны қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету сапасына әсер ететін факторлар мен тәуекелдер туралы"негізгі мәселе қаралды. Баяндамашы ОАА бас дәрігері Александр Құдайбергенов.

Сонымен қатар, тиісті шешімдер қабылданған тағы үш мәселе қаралды.