Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

       1992 жылғы маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн Қазақстан тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады.

        4 маусымда Бескөл ауылының орталық алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекені Қызылжар ауданының ұйымдары жаппай жарыспен ашты. Аудандық мәдениет үйінің әртістері аудан орталығының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт сыйлады.