Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

 Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 мамырда келді. Мемлекет басшысы егіс жұмыстарының барысымен танысып, аграршылармен кездесулер өткізеді, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды. Соның бірі "Қызылжар Сут" ЖШС сүт фермасы. Мұнда сауу цехы мен бордақылау алаңы көрсетіліп, кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне сендірді.