Қызылжар ауданы әкімінің брифингі өтті

Қызылжар ауданы әкімінің брифингі өтті

Жиында аудан әкімі Жанат Сәдуақасов Қызылжар өңірінің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалық жоспарларына тоқталды.

Қызылжар өңірінің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері үш фактормен сипатталады: өндірістің өсуі, қаржылық қызметтер нарығының дамуы және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасының жақсаруы.

Ауданда кәсіпкерлік өз деңгейінде дамып, мемлекеттік жобалар жүзеге асырылуда. Шағын және орта бизнес дамып, сүт кешендері ашылып, салынуда. Мұның барлығы өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Аудан әкімі Жанат Сәдуақасовтың айтуынша, бірте-бірте түйткілді мәселелер шешілуде: жолдар жөнделіп, су құбырлары тартылуда, көшелерге жарықтандыру орнатылуда, мәдениет пен спорт дамып келеді.