Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Қызылжар ауданына жұмыс сапары

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің  Қызылжар ауданына жұмыс сапары

17 желтоқсанда Қызылжар ауданында жұмыс сапарымен облыс әкімі Айдарбек Сапаров болды. Аудан әкімі Жанат Сәдуақасовтың сүйемелдеуімен өңір басшысы "Жаңа құс" ЖШС құс фабрикасының,кірпіш зауытының жұмысымен танысты, сонымен қатар 3 Бескөл орта мектебіне барды. Содан кейін Айдарбек Сапаров аудан активімен кездесті. Осы жерде аудан әкімі Жанат Сәдуақасов 2022 жылы әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараттандырды, келесі жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Солтүстік Қазақстан облысының басшысы бөлінген қаражаттардың игерілуіне, ауыл шаруашылығын, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты және әлеуметтік саланы дамыту қажеттігіне басты назар аударды.