Аудан әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлері!
Құрметті жерлестер және Қызылжар ауданының қонақтары!
Сіздерді шын жүректен Жеңіс Күнімен құттықтаймын!

Осы мереке баршамыз үшін өте қымбат. Жыл сайын біздің ортамызда ардагерлер саны азаюда, бірақ та олардың ерлігі мен ержүректігі, табандылығы, еңбекқорлығы, отансүйгіштігі-өскелең ұрпақ үшін баға жетпес үлгі болып қала береді.

Біздің қасиетті міндетіміз-болған зұлмат соғыстың сабағын мәңгі жадымызда сақтап, аға ұрпақтың естен кетпес, жанкешті ерлігін мәңгілік есте сақтау.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажырлы жігер тілеймін!

Біздің республикамыз гүлдене берсін, әр отбасына бейбітшілік пен келісім тілеймін!