Құмар Ақсақалов Шаховское ауылының тұрғындарымен кездесті

Құмар Ақсақалов Шаховское ауылының тұрғындарымен кездесті

25 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданы Шаховское ауылының тұрғындарымен кездесті.

Өңір басшысы өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы қысқаша айтып берді.

"Крахмал Агро" ЖШС басшысы Диас Дайыров халық алдында серіктестік қатынастардың жұмыс барысы мен 2022 жылға арналған жоспарлар туралы есеп берді. Жергілікті агроқұрылым басшысы жыл сайын кәсіпорын ауылдарға әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат бөлетінін айтты. Фельдшерлік пункт пен учаскелік полиция пункті жөнделді. Мектеп үшін кеңсе тауарлары, жиһаз, спорттық құрал-саймандар, құрылыс материалдары, жылыту құралдары сатып алынды. Жас спортшылардың республикалық жарыстарға сапарлары қаржыландырылады.

Ауыл тұрғындары жолдардың сапасы, көшелерді жарықтандыру, жайылымдардың тапшылығы және шөптің құны туралы көптеген мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі және ауылда дәріхананың болмауы туралы сұрақтар қойылды.

Қызылжар ауданының әкімі бірқатар проблемалық сұрақтарға жауап берді:

- Кентішілік жолдарға қатысты, ауылдық округ әкімі бізге 70 млн теңгеге смета берді, 4 наурызда өткен таяудағы сессияда 12 млн теңге бөлдік – бұл бастау үшін. ауылдың жергілікті қоғамдастығы жиналып, қай жолды құю керектігін өздері шешеді. Қалған екі көшені жарықтандыру бойынша биыл қаражат бөлдік, ауыл әкімінде олар бар, қазір конкурстық рәсімдер өтуде. Олар наурыз айының соңына дейін аяқталады және сәуір, мамыр айларында көшелерді жарықтандыру жүзеге асырылады.

Кездесу соңында өңір басшысы жиналғандарға ашық сұрақтар, адалдық пен ашықтық үшін алғысын білдірді.

Кездесуде айтылған барлық ескертулерге Құмар Ақсақалов бірқатар тапсырмалар берді.