Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

Ағымдағы жылғы 15 наурызда Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Ж. Ғ. Сәдуақасовтың қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған ауылдық округтерден жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатысты.

«Загот Интер» ЖШС, « Magnum» супермаркеті, «Саяхат» құрылыс дүкені, «Сервис Жарс» ЖШС, «Левин» ЖК, Қызылжар аудандық сот, Қызылжар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, Қызылжар аудандық білім беру бөлімі, Пробация қызметі, Халықты жұмыспен қамту орталығы, т.б. кәсіпорындар бос жұмыс орындарымен таныстырды.

Қызылжар ауданы бойынша 136, Петропавл қаласы бойынша 210 бос жұмыс орны ұсынылды.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеушілер ретінде 80 жұмыссыз қатысты.

Көктемгі егіс жұмыстары жақындаған сайын механизатор, тракторшы, жұмысшы сияқты кадрлар қажеттігі туындауда. «Сервис-Жарс» ЖШС өтініш білдірген тұлғаларды қолда бар бос жұмыс орындарымен, жұмыс шартымен таныстырды.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге Архангелка ауылдық округінің кәсіпкерлері қатысып, жұмыссыздарға баспана берумен жұмыс ұсынды.

Мамандықтары жоқ тұлғалар үшін қысқа мерзімді оқыту ұсынылды, 8 жұмыссыз тракторшы-машинист мамандығына, 1 адам-тігінші мамандығына, 2 аспаз мамандығына оқуға ниет білдірді, 15-тен артық адам ашық бос жұмыс орындарына орналасады.

Осылайша, жәрмеңкеге келушілер ашық бос жұмыс орындары туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің ықтимал жұмыс берушілерімен жеке байланыста болды, қайта оқу және жаңа мамандықты алу мүмкіндігі туралы білді.