Петерфельд ауылында жаңа ауылдық клуб ашылды

Петерфельд ауылында жаңа ауылдық клуб ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 15 желтоқсанда Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында көптен күткен ауылдық клуб өз есігін ашты.

Салтанатты шараға аудан әкімі Жанат Сәдуақасов қатысты. Аудан басшысы құттықтау сөзінде жаңа ауылдық мәдениет үйінің ашылуы — маңызды мәдени оқиға екенін атап өтті.

Клубта спортпен айналысуға арналған тренажерлер қосымша жабдықталған. Меценат-кәсіпкер Асқар Мәдиев Петерфельд ауылының дамуына үлкен үлес қосуда және осы жерде ол елді мекен тұрғындары үшін ауылдық клубтың ашылуына ықпал етті. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері үшін жаңа үйлер салып, абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.