Қызылжар ауданының әкімдігінде «Медиация және оны барлық салаларда қолдану» тақырыбында конференция өтті

Қызылжар ауданының әкімдігінде «Медиация және оны барлық салаларда қолдану» тақырыбында конференция өтті

2021 жылғы 8 қарашада Қызылжар ауданы әкімдігінде  «Медиация және оның барлық салада қолдануы» тақырыбы бойынша конференция өткізілді.

Конференцияға СҚО бойынша «RPA IMC» Президенті өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаева, аудан әкімінің аппарат басшысы Қ.С. Сарбалинов, халықаралық деңгейдегі кәсіби медиаторлар М.Ғ. Сәдуақасов,  М.С. Ғалымжанов, У.Т. Урустамов, ауылдық округ әкімдері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Конференцияның мақсаты кәсіби деңгейдегі медиатор ретінде қызмет көрсету үшін қажетті білімді, әдістерді  және машықтарды игеру және біліктілікті жоғарылату болып табылды. Біздің азаматтарымыз, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер де өмірдің сан-алуан қиындықтарын және даулы жағдайларды кездестіруі мүмкін.

Медиация дегеніміз дау-даумайдың шешілу қорытындысына тәуелді емес, бейтарап, әділ шешетін үшінші  тараптың қатысуымн жанжалдарды альтернативті реттеудің жаңа түрі. Үшінші тарап ретінде медиатор туындаған сұрақтарды қарастырады,  ол тартыс қатысушыларына немесе сот қарастыруына дейін  нақты келісімді дайындайды, қарастыру барысында тараптар дау-даумайды реттеу бойынша шешім қабылдау үрдісін және оның шешу жолдарын толық бақылайды,- деп сөзін  СҚО бойынша «RPA IMC» Президенті өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаева түйіндеді.

Конференция барысында медиацияны  соттан тыс жанжалдар мен дау-даумайларды реттеу механизмі ретінде қолдану сұрақтары қарастырылды. Медиацияның кезеңдері мен басымдылықтары, татуластыру үрдісінде медиаторлардың рөліне талдау жасалынды. СҚО бойынша «RPA IMC» Президенті өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаева медиация бойынша кең көлемді баяндама жасап, слайдтар көрсетілді. Конференция қорытындысы бойынша қатысқандар СҚО бойынша «RPA IMC» Президенті өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаеваға осы іс-шараны өткізгені үшін алғыстарын білдірді, оның қорытындысы  бойынша медиация саласы бойынша жаңа білімдер мен әдістер алынды.