Ұлттық қазына

Ұлттық қазына

Тәуелсiздiктiң 30 жылдығы мен Қазақстан халқы тiлдерi күнiн мерекелеу аясында аудандық кiтапханада мерекелiк iс-шара өттi.

Басында қатысушыларға аудандағы тiл саясатының жетiстiктерi туралы бейне-ролик көрсетiлдi. Одан кейiн аудан әкiмiнiң орынбасары Алма Нұрғалиева құттықтау сөз сөйледi.

— Елiмiз тәуелсiздiк алған сәттен бастап көптеген мемлекеттер үшiн үлгi бола алатын тiл саясаты жүргiзiлуде. Нәтижесiнде, Қазақстан жерiнде жүзден астам ұлт өкiлдерi бейбiтшiлiк пен келiсiмде өмiр сүрiп жатыр. Ешкiм де өз ана тiлiн үйренуге, мәдениет пен дәстүрдi сақтауға қысым жасамайды. Бүгiн бiз мемлекеттiк тiлдiң мәртебесi қалай өскенiн, оны үйренуге деген қызығушылықты көрiп отырмыз. Президент "Халық бiрлiгi және жүйелi реформалар — ел өркендеуiнiң берiк негiзi" Жолдауында өз болашағын елiмiзбен байланыстыратын әрбiр азамат мемлекеттiк тiлдi үйренуге бар күш-жiгерiн салуы тиiс деп атап өттi. Бұл нағыз патриотизмнiң бiр көрiнiсi, — дедi Алма Амангелдiқызы.

Бұл күнi жеңiмпаздарға, мемлекеттiк және басқа тiлдердi насихаттау жөнiндегi аудандық және облыстық iс-шаралардың белсендi қатысушыларына естелiк сыйлықтар табыс етiлдi.

Аталмыш iс-шарада барлық санитарлық нормалар сақталған.