Бос орын жәрмеңкесi

Бос орын жәрмеңкесi

2021 жылғы 29 қыркүйекте Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығы «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар» КММ бiрге бос орын жәрмеңкесiн өткiздi.

Мақсаты: азаматтарды ауданның бос жұмыс орындарымен таныстыру, еңбек нарығы туралы, жұмыс iздеушi кәсiпорындар туралы, жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы толық ақпарат беру.

Осы жәрмеңгеке 40 кәсiпорын мен ұйымнан 165 бос жұмыс орны ұсынылды олардың iшiнде «Молсервис» ЖШС, «Капитал» ЖК, «Левин» ЖК, «Палий» ЖСО, «Аяжанов Е.» ЖСО, «Қызылжар аудандық бiлiм беру бөлiмi» КММ, «Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, ҚР ҰҚБ СҚО бойынша шекара қызметi департаментi, «Қызылжар аудандық аурухана» ШЖҚ КМК т.б. қатысты.

Барлығы жұмыс iздеушi тұлға ретiнде 75 адам қатысты және жұмысқа орналасу жөнiнде қажеттi ақпарат берiлдi.