«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ халыққа 14 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде
10 мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуға болады, ол қызметті тез әрі сапалы түрде алуға мүмкіндік береді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес «Еgov.kz электрондық үкімет порталы» арқылы өтініш беруге мүмкінді бар.
2021 жылғы қаңтар айынан бастап оңалту құралдарымен қамтамасыз ету - Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар тауарды қамтамасыз етушіні өзі таңдап, тапсырыс бере алады. Құралдарды жеткізу қызмет алушының тұрғылықты мекен-жайына дейін жүзеге асырылады.
Барлық оңалту құралдарына кепілдендірілген сома бар, бағасы көтерілген жағдайда, айырмасы қызмет алушы есебінен төленеді.
Талап етілетін мемлекеттік қызметтердің бірі мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.
Ағымдағы күні Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 211 өтініш берілді.
Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бір жылға төмендегідей мөлшерде беріледі:
1) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге арналған жөргектер – 730 дана;
2) несеп-жыныс жүйесі бұзылған мүгедектерге арналған несеп қабылдағыштар – 365 дана;
3) ішек ауруы бар мүгедектерге арналған нәжіс қабылдағыштар – 365 дана,
4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 365 дана;
5) катетер – 12 дана;
6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик – 12 дана;
7) стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған қорғаныс кремі – 12 дана;
8) стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа) – 12 дана;
9) иісті бейтараптандырғыш – 12 дана;
10) стома айналасындағы немесе сан аралығындағы теріні күтуге және тазалауға арналған теріні тазартқыш – 12 дана.
Санитариялық құрылғысы бар кресло-орындық, дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар, жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар алынған сәттен бастап кемінде 4 жылдан бұрын ауыстырылмайды.
Барлық сұрақтар бойынша 2-10-75 телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.