АӘК алушыларға дәрі қобдишалары

АӘК алушыларға дәрі қобдишалары

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында Азия даму банкінің гранты есебінен қаржыландырылып, БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастыруымен сатып алынған дәрі қобдишалары Қызылжар ауданының аз қамтылған отбасыларға — атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тегін таратылды. Дәрі қобдишаларының құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған және оған термометр, маскалар, дезинфекциялау құралдары және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Бұл шара қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға экономикалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ауданның 106 отбасы дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етілді.