Парламент Сенатының депутаттары Қызылжар өңіріндегі «Қызылжар сүт» ЖШС-нің сүт кешенінде болды

Парламент Сенатының депутаттары Қызылжар өңіріндегі «Қызылжар сүт» ЖШС-нің сүт кешенінде болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Сапар барысында сенаторлар Қызылжар ауданының Чапаево ауылындағы «Қызылжар сүт» ЖШС-нің сүт кешенінде болды. Бұл кешен симменталь тұқымының 720 бас асыл тұқымды малына арналған. «Қызылжар сүт» ЖШС-нің директоры Олжас Бектасов сенаторларды сүт кешенінің барлық құрылымымен таныстырды.

Ерік Сұлтанов ауылшаруашылық кәсіпорнының барлық негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері оң динамикаға ие екенін атап өтті. «Қазіргі кезде мемлекет фермерлерге ауқымды қолдау көрсетуде, облыста сүтті фермерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар табысты жұмыс істейді, менің ойымша, болашақта саланы қаржыландыру мемлекеттік қолдау мен жеке инвестициялардың есебінен артады», — деді Ерік Сұлтанов.