Электрондық түрде еңбек шарт

Электрондық түрде  еңбек шарт

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 321-VІ ҚР Заңына, ҚР Еңбек Кодексіне жұмыс берушіге ЕШЕАБЖ (еңбек шарттарын бірыңғай есептеу жүйесіне) электрондық түрде еңбек шарттарын жасау немесе қағаз түрінде жасалған еңбек шарттарды тіркеу міндетттелетін өзерістер енгізілді. Өзгертулер 2020 жылғы 16 мамырда заңды күшіне енді, осы кезеңнен бастап жұмыс берушіге ЕШЕАБЖ электрондық түрде еңбек шарттарын жасау немесе қағаз түрінде жасалған еңбек шарттарды тіркеу міндеті туды.

ҚР Еңбек кодексіне енгізілген нормаларға сәйкес, 33- бабында еңбек шарттары жұмыс беруші мен қызметкердің арасында ЭЦҚ расталып электрондық құжат нысаныда немесе қағаз түрінде жасалатындығы анықталды. Бұл ретте, 23- бабында жұмыс берушінің еңбек шартын жасасу және тоқтату, (оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар) туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу міндеті анықталды. Еңбек шарттарымен жұмыс Электронды еңбек биржасына www.enbek.kz сайтына тіркеу арқылы жүргізіледі.

Осылай, қазір қызметкермен еңбек шартын жасасу:

  1. электрондық түрде, «Электронды еңбек биржасы» сайтына жұмыс беруші мен қызметкердің арасында ЭЦҚ расталып;
  2. қағаз түрінде, «Электронды еңбек биржасы» сайтына қызметкердің ЭЦҚ растауды қажет етпей жұмыс берушімен тіркеліп еңбек шарты жасалады.

«Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығы бекітілді, ол 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданыста. Осы қағидада ЕШЕАБЖ еңбек шарттарын тіркеу тәртібі мен мерзіміне қатысты мәселелерге жауап береді.

«Қызылжар адандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ