«Парыз 2021» конкурсы жарияланды

«Парыз 2021» конкурсы жарияланды

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес 2021 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы жарияланады.

Конкурс екі кезеңде, яғни өңірлік және республикалық деңгейде өтеді.

Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурс лауреаттарының атақтары:

  1. шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  2. орта кәсіпкерлік субъектісі;
  3. ірі кәсіпкерлік субъектісі сияқты үш санатта

және:

  1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
  2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
  3. «Үздік ұжымдық шарт».
  4. «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ Бескөл а. Институт көшесі, 1 электрондық мекенжайға kyz_asp@mail.ru қабылдайды.