Бос орын жәрмеңкесі

Бос орын жәрмеңкесі

2021 жылғы 8 сәуір сағат 11.00-де аудандық Мәдениет Үйі ғимаратында бос орын жәрмеңкесі өткізілді.

Жұмыс іздеуші тұлғалар мен жұмыссыз азаматтарға 114 бос жұмыс орны ұсынылды. Оған 48 адам қатысты.

Бос орын орын жәрмеңкесіне 7 жұмыс беруші қатысты («Левин» ЖК, «Қызылжар аудандық білім беру бөлімі» КММ, Жеке сот орындаушысы Т.В. Палей, Жеке сот орындаушысы Э.К. Аяжанов, № 13 өрт сөндіру бөлімі, Қызылжар аудандық қорғаныс бөлімі, Қызылжар аудандық орталық аурухана).

Осылайша жермеңкеге келушiлер ашық бос орындар туралы ғана бiлiп қоймай, жұмыс берушiмен жеке әңгiмелесе алды.

Бүгiнгi күнi бос орын жәрмеңкесi — еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты көрнекi көрсететiн, жұмысқа орналастырудың ең тиiмдi түрi болып табылады.