Аудан басшысы ауылдастарын Наурыз мерекесiмен құттықтады

Аудан басшысы ауылдастарын Наурыз мерекесiмен құттықтады

Сiздердi Ұлыстың ұлы күнi — Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Ғасырлар қойнауынан қайта жаңғырған Наурыз көктемнiң келуiн, жақсылық, сенiм, достық, бейбiтшiлiк пен махаббат мұраттарын бейнелейдi. Бұл күндерi ата-бабаларымыз бiр-бiрiне қонаққа барып, барлық ренiштердi кешiрдi, ағаш отырғызды, үйлердi тазартты, шаруашылықты, арықтарды ретке келтiрдi, бай дастархан дайындады, жылы лебiздерiн айтты.

Ежелгi мереке жаңа бастамалардың негiзi, достық, бiрлiк пен келiсiмнiң iргетасы бола отырып, заманауи өмiрге нық ендi. Жылдан жылға ата-бабаларымыздың басты мұрасы-ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмдi көбейтудi жалғастырудамыз. Мемлекет басшысы алға қойған қазақстандықтардың табысы мен өмiр сүру сапасын арттыруға бағытталған мiндеттердi iске асыру экономиканың серпiндi дамуына қосымша серпiн бередi.

Құрметтi жерлестер! Баршаңызды осы жарқын, ортақ мерекемiзбен құттықтаймын. Жыл бойына бақыт, жақсылық, өркендеу, амандық және көктемгi көңiл-күй тiлеймiн. Наурыз мейрамының әрбiр үйiне бақыт пен гүлдену, молшылық пен амандық әкелсiн! Сiздерге және отбасыларыңызға денсаулық және өзара түсiнiстiктiң болуын тiлеймiн!