2021 жылғы көктем уақытына су тасқыны мүмкiн болатын аймақтарда 15 елдi мекен бар, осы аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау үшiн 12 уақытша және 12 резервтiк орналастыру пунктi құрылған.
Ауданда орналастыру пунктерде төсек құралдарымен, таза ауыз сумен, медициналық қамсыздандыру, азық-түлiкпен қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар өткiзiлген (ниеттер туралы келiсiм-шарттар бекiтiлдi).
2021 жылғы 9 наурызда Қызылжар ауданының Бәйтерек а. су тасқынға қарсы iс-шараларға дайындық барысында эвакуациялық оқулар өткiзiлген, бұған ауылдық округтiң күштерi мен қаражаты iске қосылды.