Қорытынды есеп беру кездесуі

Қорытынды есеп беру кездесуі

Қызылжар ауданы әкімінің халықпен қорытынды есеп беру кездесуі 5 ақпан күні онлайн режимінде өтті. Аудан әкімі Жанат Сәдуақасов халық алдында 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған даму перспективалары туралы есеп берді. Әкімнің баяндамасынан кейін Facebook, call centre әлеуметтік желілері, алдын ала орнатылған жәшіктер арқылы тұрғындардан келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар қаралды. Барлық түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.