Қызылжар ауданында Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Бейбіт Исманов жұмысшы мамандықтарының өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Кәсіпорындар, мекемелер, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік саланың дамуына ұзақ жылдар бойы еңбегін арнаған азаматтарға ерекше ризашылық айтылды.
Аудан әкімі еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ Қызылжар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілхан Бижанов құттықтау сөз сөйледі. Кездесу соңында Бейбіт Исманов қатысушыларға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне табыс тілеп, ауданның ортақ дамуына әр адамның қосқан үлесі маңызды екенін атап өтті.