СҚО әкімінің бірінші орынбасары Қызылжар ауданындағы орақ науқанының барысымен танысты

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Қызылжар ауданындағы орақ науқанының барысымен танысты

4 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Қызылжар ауданындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында ол «Ер Агро» ЖШС-нің астық қырманына, «Елім Қызылжар» ЖШС-нің көкөніс қоймасы мен егіс алқаптарына, сондай-ақ «Якорь Агро» және «Вагулинское» ЖШС-лерінің ауыл шаруашылығы алқаптарына барды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басшыларымен кездесулер өтіп, орақ науқанын жүргізуге қатысты мәселелер талқыланды.