«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес менің өкімімен Қызылжар ауданы әкімінің шұғыл мәселелері жөніндегі орынбасары болып Сыздықов Қайыргелді Садықұлы тағайындалды

Сыздықов Қайыргелді Садықұлы 1965 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы Новороссийка а. дүниеге келген.

Омбы ауыл шаруашылық институтын «Инженер-геодезист» мамандығы бойынша және «Заңгер» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған, әр түрлі лауазымдарда инженерден бастап кәсіпорын директорына дейін жұмыс жасаған.

2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін мемлекеттік қызметте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бастығы болып қызмет етті.

2015-2017 жылғы кезең ішінде Ақмола облысы әкімінің істерін басқарушы басшысы болып еңбек етті.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Петропавл қ. «Автоорталық Қызылжар» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс жасады.

Сыздықов Қайыргелді Садықұлы сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, төтенше жағдайларды алдын алу және жою сұрақтарға жетекшілік етеді.