29 тамызда Бескөл ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

29 тамызда Бескөл ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 29 тамызда сағат 09:00-де Бескөл ауылында, Дорожная көшесі, 6 мекенжайында (бұрынғы автостанция аумағында) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілер өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады:

  • жұмыртқа;
  • сүт және ет өнімдері;
  • көкөністер мен картоп;
  • басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері.

Сондай-ақ, шөп, астық қалдықтары және басқа да азық түрлерін жергілікті өндірушілерден сатып алуға болатын азық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, отын да сатылады.

Ауданның барлық тұрғындарын жәрмеңкеге белсене қатысып, жергілікті өндірушілердің сапалы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға шақырамыз!