
3 шілде күні Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов Асаново ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, ауыл тұрғындарының сұрақтарын, ұсыныстары мен бастамаларын тыңдады. Тұрғындар округ елді мекендерін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, пікір алмасуға белсенді қатысты.
Кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелердің бірі - ауылдық округте қоғамдық монша мен тұрғындарға арналған демалыс және бос уақытты тиімді өткізу орталығын ашу қажеттілігі болды. Аудан әкімі айтылған ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, оларды іске асыру мүмкіндіктері заңнамаға сәйкес қарастырылатынын атап өтті.
Бейбіт Исманов ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Ол тұрғындарды жеке кәсібін ашуға және кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, ауыл халқының табысын арттыруға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жер қатынастары және басқа да бағыттар бойынша өздерін толғандырған мәселелермен жүгінді. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.