Ауданның мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерімен құттықталды

Ауданның мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерімен құттықталды

23 маусым күні Қызылжар ауданында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аудан әкімі Бейбіт Қайыркешұлы Исмановтың атынан мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен аудан әкімінің орынбасары Азат Ибраев құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ауданның дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Қызылжар ауданының мемлекеттік органдарында бүгінде 139 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның дамуына қосқан үлесі үшін 17 қызметкер аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Мемлекеттік қызметшінің еңбегі әрдайым көзге көріне бермейді. Ол газеттердің алғашқы беттерінен немесе жаңалықтар сюжеттерінен жиі орын алмайды. Алайда дәл сіздердің еңбектеріңіздің арқасында мемлекеттік органдардың тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, даму бағдарламалары жүзеге асырылады, тұрғындардың мәселелері шешіліп, жолдар, мектептер және инфрақұрылым нысандары салынады.

Мемлекеттік қызмет - ең алдымен, халық алдындағы жауапкершілік. Бұл - шешім қабылдай білу, адал, кәсіби әрі ашық жұмыс істеу. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен азаматтардың билікке деген сенімі сіздердің құзыреттіліктеріңізге, принципшілдіктеріңізге және өз істеріңізге адалдықтарыңызға байланысты», - деп атап өтті Азат Ибраев.

Іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталып, қатысушыларға зор денсаулық, амандық, игілік және аудан мен ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай табыстар тілінді.