
Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде 13 наурыздан бастап тұқымды мал сатып алуға бағытталған жылдық пайыздық мөлшерлемесі алты пайыздан аспайтын «Игілік» және «Береке» жаңа кредиттік өнімдері іске қосылды. Бұл бағдарламалар бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 85 пайызға дейін кепілдік беру тетігі қарастырылған.
«Игілік» несиелік өнімі 100-500 бас асыл тұқымды мал сатып алуға мүмкіндік береді.
«Береке» несие өнімі ірі шаруашылықтарға, 500 және одан да көп асыл тұқымды мал басын сатып алуға бағытталған.
Кредит алатын шаруашылықтарға мынадай талаптар қойылады:
Жеңiлдiктi кредитке үмiткерлерге қарсы талаптар да қойылады. Несиеге сатып алынған барлық аналықтардан табиғи кемудi есептемегенде төрт жыл бойы төл алынуы тиiс.
«Береке» бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендерге кемінде екі жыл бойы ауыл шаруашылығында жұмыс тәжірибесінің болуы талап етіледі. «Игілік» бағдарламасында мұндай талаптар қарастырылмаған, - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Екі бағдарлама бойынша да жылдық пайыздық мөлшерлеме алты пайыздан аспайды. Мерзімі - жеті жылға дейін. Оның ішінде алғашқы 24 айды «демалыс» ретінде пайдалануға болады.