Қызылжар ауданында әлеуметтік-экономикалық даму, су тасқыны жағдайы және аумақтарды абаттандыру мәселелері қаралды

Қызылжар ауданында әлеуметтік-экономикалық даму, су тасқыны жағдайы және аумақтарды абаттандыру мәселелері қаралды

Бескөл ауылында Қызылжар ауданы әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі мәселелері қаралды.

Отырыста 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының күтілетін қорытындылары, «Ауыл Аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы, сондай-ақ 2026 жылғы су тасқыны кезеңінен өту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар аудан аумағындағы елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша үш айлықты өткізуге ерекше назар аударылды. Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге қойылған міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.