28 қарашасында Бескөл ауылының аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл іс шараны өткізу-ежелгі дәстүрлерді сақтайтын, адал еңбек ететін және еңбегі Қызылжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына баға жетпес үлес қосатындарға алғыс айтуға себеп.
Салтанатты іс-шараның ашылуы ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту туралы бейнефильм көрсетуден басталды. Мерекемен құттықтай отырып, аудан әкімі Бейбіт Исманов ауыл шаруашылығында, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін әрбір адамның өңірдің және тұтастай елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары үлесін атап өтті.
Дәстүр бойынша бұл күні қызметкерлер, механизаторлар, инженерлер мен агрономдар, мамандар мен шаруашылық басшылары құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік концерт қонақтарға ерекше көңіл — күй сыйлады.