2025 жылғы 5 қыркүйекте Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету мақсатында ұйымдастырған жалпықазақстандық ашық диктант өткізді.
Диктант жазуға мемлекеттік қызметшілер қатысты. Диктанттың тақырыбы Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек болды.
Диктанттан кейін жазылған материал талқыланды.