Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға хабарламада конкурс өткiзу туралы белгiленген мерзiмiнен кешiктiрмей өтiнiмдерiн берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және жеке тұлғаларға рұқсат берiледi.

Өтiнiмдер қабылдауы конкурсты өткiзу туралы алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң 2020 жылғы 02 қарашадан бастап 20 қарашаға дейiн қоса алғанда өткiзiледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi шығарылады.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесi, 11, 1-қабат, мәжiлiс залы мекенжайы бойынша Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында 2020 жылғы 23 қарашада 15 сағат 00 минутта шығарылады.

Конкурсқа катысу шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы тапсырылады, өтiнiш берушiге тiркеу номiрi мiндеттi тағайындалады және оған хабарлама берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;

2) жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;

3) өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде «2020 жылғы 23 қарашаға дейiн ашуға болмайды деген сөздер жазылады, жабық конвертте ұсынылады.

Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және  «жылғы _«_» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

Қатысушы өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң өтiнiмiн өзгерте немесе керi қайтара алады. Өзгерiс өтiнiм сияқты дайындалады, мөрленедi және ұсынылады. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

Талаптарына сәйкес келмейтiн шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнен бас тартылады.

Конкурс өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты Қызылжар ауданы әкiмiнiң www.kzh.sko.gov.kz сайтында және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлiмi» www.kzh-ozo.sko.kz сайтында, немесе 8 (715-38)215-54, 2-23-42 телефон арқылы алуға болады.

Қосымша