Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар - бұл кәсіпорындағы жұмыстардың қауіпсіз орындалуын реттейтін маңызды жергілікті ережелер. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзірлейді, бекітеді және үнемі қайта қарайды.
Нұсқаулықтарды әзірлеу және қайта қарау процесі мынадай нормативтік құжаттармен реттеледі:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Уәкілетті орган (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) бекіткен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар;
- Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік және салалық стандарттар (бар болса).
Нұсқаулықтарды:
- Еңбекті қорғау жөніндегі маман (егер лауазым көзделсе);
- Құрылымдық бөлімшенің басшысы;
- Жұмыс берушінің бұйрығы бойынша еңбекті қорғауға жауапты тұлға әзірлейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың мазмұны:
- Жалпы ережелер (мақсаты, қолдану саласы);
- Жұмыс басталғанға дейінгі, оның аяқталу кезіндегі және одан кейінгі қауіпсіздікке қойылатын талаптар;
- Ықтимал қауіптер тізімі;
- Жеке және ұжымдық қорғау шаралары;
- Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер;
- Қызметкерлердің талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілігі.
Нұсқаулық түрлері:
- Кәсіптер мен лауазымдар бойынша;
- Орындалатын жұмыстардың түрлері бойынша;
- Жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді пайдалану кезіндегі;
- Қауіпті заттармен және материалдармен жұмыс істеу кезіндегі нұсқаулықтар.
Нұсқаулықты ұйымның басшысы бұйрықпен немесе титулдық бетке қарар қою арқылы бекітеді. Әрбір бекітілген нұсқаулық:
- Нөмірленген;
- Нұсқаулықтарды есепке алу журналына енгізілуі;
- Қызметкерлердің назарына қол қойғызып жеткізілуі тиіс.
Нұсқаулар :
- Жоспарлы — 3 жылда кемінде 1 рет;
- Жоспардан тыс, егер:
- Нормативтік талаптар өзгертілсе;
- Технологиялар немесе жабдықтар өзгертілсе;
- Жазатайым оқиғалар орын алса;
- Мемлекеттік бақылау органдарының нұсқамасы бойынша;
- Жұмыс берушінің немесе еңбекті қорғау жөніндегі комиссияның бастамасы бойынша қайта қаралады.
Қайта қарау тәртібі:
1) Қолданыстағы нұсқаулықты талдау және өзгерістерді анықтау;
2) Жаңа редакцияны дайындау немесе толықтырулар енгізу;
3) Белгіленген тәртіп бойынша келісу және бекіту;
4) Қызметкерлерді өзгерістермен таныстыру.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші:
- Еңбекті қорғау жөніндегі өзекті нұсқаулықтардың болуын қамтамасыз етуге;
- Жұмыс басталғанға дейін қызметкерлерді нұсқаулықтармен таныстыруды ұйымдастыруға;
- Жұмыс орнындағы нұсқаулардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл міндеттердің бұзылғаны үшін айыппұлдар, қызметті тоқтата тұру туралы нұсқамалар және басқа да шаралар түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделуі мүмкін.
Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық тек формальдылық емес, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімді құрал болып табылады. Оларды уақытылы әзірлеу, бекіту және қайта қарау өндірістік тәуекелдерді азайтуға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және жұмысшылардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша Сіз Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64 мекенжайы бойынша «ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-ға жүгіне аласыз. Байланыс телефондары: 46-37-73, 46-01-94, 36-17-86. Департаменттің u.git@sko.gov.kz ресми интернет-ресурсы жұмыс істейді.
«ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ