Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесіне цифрлық шешімдерді жедел енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл полиция жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттырып, құқықбұзушылықтар деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Кызылжар ауданында Жедел басқару орталығы (ЖБО) жұмысын бастады. Ол бейнебақылау және жол қозғалысын бақылау жүйелерін біріктіреді. Барлық нысандар талшықты-оптикалық байланыс арқылы қосылған.
Орталық қоғамдық орындарды тәулік бойы бақылайды, жылдамдықты асыру сынды құқықбұзушылықтарды тіркейді және оқиғаларға жедел әрекет етеді.
Қазірдің өзінде құқықбұзушылықтардың ашылу деңгейі екі есе артты.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында орталық рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау үшін де қолданылады.
Алдағы уақытта өңірдің барлық аудандарында осындай орталықтарды ашу жоспарланып отыр. Бұл – қоғамдық қауіпсіздіктің заманауи әрі тиімді жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1050026?lang=kk