Ауданымыздың түрлі ауылдарынан бес отбасы қатысқан "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Әр отбасы портфолио, бейне ролик ұсынды, сонымен қатар өздерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жетістіктері туралы презентация дайындады.
Бірінші орын қорытындысы бойынша Рахметалиндер отбасы, екінші орын – Сауковтар, үшінші орын – Қапаровтар марапатталды. Оларға тиісінше 100 000, 80 000 және 40 000 теңге сомасындағы техника дүкеніне дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.
Хайруллиндер мен Тоқтасыновтардың отбасылары қатысқаны үшін дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.