Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым күні Бескөл ауылы Парасат лицей-мектебі жанындағы стадионда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Онда алдымен әскри қызметкерлердің қатысуымен мемлекеттік ту әкелініп, мемлекеттік әнұран шырқалды. Шара қатысушылары арасында “Мемлекеттік туды алып жүру” эстафетасы өтті.
Мәдениет Үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.