2025 жылғы 13 наурызда әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мақсатында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалымен бірлесіп, әйелдер кәсіпкерлігі субъектілері бойынша жұмыс тобының Петропавл қаласында шығуын ұйымдастырды.
Сапар барысында кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде бизнесті дамытуға кредит алған кәсіпкерлер болды:
- ЖК Хамзина А.К.,
- Г.А. Баязитова тұлғасында ЖК «КӨМЕК» тренинг-орталығы»,
- Ғ.Д. Жұмағұлова тұлғасында «Дара» Білім орталығы»
Іс-шара барысында жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қолдау шаралары және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу шарттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ тиісті ұсынымдар берілді.