Бірлестіктер жеке кәсіпкерлік субъектілері өзге де коммерциялық емес ұйымдар басшыларының назарына

Бірлестіктер жеке кәсіпкерлік субъектілері өзге де коммерциялық емес ұйымдар басшыларының назарына

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді қайта өткізу туралы хабарлайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, оның ішінде аккредиттеу туралы куәлік нысанына, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің негіздері мен күшін жою тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші мемлекеттік органға электрондық нысанда ұсынады:

1) Басқарманың интернет-ресурсында жарияланған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуін алу үшін өтініш.

2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеу үшін құжаттар 2025 жылғы 21 ақпаннан 6 наурызға дейін жұмыс күндері СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 522 каб., мекенжайы бойынша қабылданады, электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz.

Анықтама телефондары: 8 (7152) 36-13-62.     

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуін алу үшін өтініш