Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2024 жылғы 1-15 наурыз аралығында «СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ кәсіпкерлік субъектілерінен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырды. Арнайы комиссияның қарауына 2 өтінім келіп түсті:

1) «Самоволов В.А.» ЖК басшысы Самоволов Виктор Александрович Петропавл қ. – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін (1 санат);

2) «TradeKazakhstanINC» ЖШС басшысы Ольга Вадимовна Султанова Петропавл қ. – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін (1 санат).

Ағымдағы жылдың 20 наурызында әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтті. Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері оң шешім қабылдады.

Мақұлданған өтініштер бойынша арнайы комиссияның ұсынымдары тізілімге одан әрі енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолданатын болады.